БЕЙЖИН, 16 қыркүйек (Синьхуа) – Қытайдың пайдаланылған көліктер сатылымы ағымдағы жылдың алғашқы сегіз айында өткен жылмен салыстырғанда 13,38 пайызға өсті, деп хабарлайды өнеркәсіп деректері.
Қытай автомобиль дилерлері қауымдастығының мәліметі бойынша, осы кезеңде жалпы 11,9 миллион екінші қолдан көлік қолын ауыстырды, олардың жиынтық транзакция құны 755,75 миллиард юань (шамамен 105,28 миллиард АҚШ доллары) болды.
Қауымдастықтың мәліметінше, тек тамыз айында ғана елдегі пайдаланылған көліктердің сатылымы 6,25 пайызға өсіп, шамамен 1,56 миллион данаға жетті.
Деректер көрсеткендей, өткен айда бұл транзакциялардың жалпы құны 101,06 миллиард юаньды құрады.
Қаңтар-тамыз айларында пайдаланылған көліктердің аймақаралық транзакцияларының қарқыны 26,55 пайызға жетіп, бір жыл бұрынғыдан 1,8 пайыздық тармаққа өсті.
Жіберу уақыты: 19 қыркүйек 2023 ж